Өнеркәсіптік жобалау
Бұл Global Engineering Company қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Біз өнеркәсіптік объектіні толық дайындалған түрде құруға арналған жобалау-техникалық құжаттмасының толық пакетін құруды ұсынамыз. Жобаны әзірлеуге дайындық, қажетті зерттеулердің жүргізілуі және тиімді техникалық шешімдердің әзірленуі қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға және барлық бақылаушы оаргандардың талаптары мен стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Оған қоса, өнеркәсіп саласының нормативтік талаптары, технологиялық процестердің ерекшеліктері мен тапсырыс берушінің тілектері есепке алынады.
Қазіргі заманғы сәулеттік беталыстарға сәйкес, біздің мамандарымыз тиімді және ыңғайлы жобаларды құрумен шектелмей, сонымен қатар корпоративтік стильдегі өнеркәсіптік объектілердің сәулеттік шешімдерін әзірлейді. Басқа елдердегі әріптестрімізбен тығыз ынтымақтастығының арқасында ең үздік әлемдік мамандарды жұмысқа тартуға және олардан кеңес алу мүмкіндігіміз бар. Осындай тәсілдеме тек қана ресейлік емес, сонымен қатар өнеркәсіптік мақсаттағы объектілерді құру үшін қабылданған еуропалық стандарттардың да сақталуын қамтамасыз етеді.
Кезеңдерге бөлінген нұсқалы жобалау құрылысқа шығындарды ықшамдауға және салынатын кәсіпорынның сәулетін, құрылымдық шешімдері мен ең маңызды өндірістік процестерін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Өндірістік құрылым
Кәсіпорын аймағындағы жеке объектілердің құрамы мен бір-біріне қатысты жайғасу жоспары болып табылады.
Кәсіпорын құрылымының негізгі түрлері:
- Цехті.
- Цехсыз.
- Өндірістік.
Құрылымдар тек қана өнеркәсіптің әртүрлі салаларында емес, сонымен қатар бір салада төменде аталған факторларға байланысты ерекшелену мүмкін:
- Максималды өндірістік көлем.
- Шикізат пен жасап шығарылатын өнім ерекшеліктері.
- Өндірістік процестердің автоматтаныдырлуы және олардың техникалық жабдықталуы.
- Энергиямен жабыдықтаудың негізгі көзі.
Цех
Бірыңғай басшы басшылығымен қызметкерлердің тұрақты ұжымы орындайтын аяқталған өндірістік процесс өтетін кәсіпорын ішіндегі қоршалған кеңістік.
Цехтар түрлері:
- Негізгі.
- Қосалқы.
- Қызмет көрсетуші.
- Жанама.
Өнеркәсіптік жобалаудың кезеңдері
- Дайындық кезеңі. Құжаттаманы жинауды қамтиды. Технологиялық процестер мен ықтимал жиынтықтылауды, коммуникацияларды техникалық жабдықтау мен орнатудың нормативтік-құқықтық басзасына сәйкес қойылатын талаптар тізбесін зерделеу. Осы кезеңде жобалаудың тұжырымды құны мен жобаны тапсыру мерзімдерінің келісілуі өткізіледі.
- Жоба алдынғы. Негізгі инженерлік және құрылымдық шешеімдерді қамтыған нобайды әзірлеу, қасбеттер жоспарларын, ғимараттар қималарын, кешеннің жалпы көрінісін әзірлеу және түсіндірме құжаттаманы құру. Жұмыстардың барлық түрлері бойынша негізінде көлік және технологиялық коммуникациялар сызбасы әзірленетін болатын макисмалды тиімді шешімдерді анықтау үшін тапсырыс берушімен кеңестер жүргізіледі.
- П кезеңін әзірлеу және сараптамаларды жүргізгенде жобаны қорғау.
- Жұмыс жобасының кезеңі. Сметаларды құрғанда, құрылыс, инженерлік-техникалық және ұйымдастырушылық жұмыстарда пайдаланылатын негізгі құжаттаманы құру. Жобаны бақылаушы мемлекеттік органдарда мақұлдау, рұқсаттар алу және пайдалануға қосу.
- Техникалық-экономикалық негіздемені құру.
- Жобаны жүзеге асыру барысында авторлық қадағалау жүргізу.