Ауыл шаруашылығы үшін жоғары қуат шығындалуы тән және олар көбінесе дизель отыны есебінен қанағаттандырылады. Ауыл шаруашылық машиналарды ДО құюдан басқа, оны автономды генераторларда жылыту, астықты кептіруге электр қуатын алу үшін пайдаланады. Дегенмен экономикалық тиімділігі маңызды болатын шаруашылықтар пайдалану саласына байланысты энергия тасымалдаушыларды саралай бастайды. Көптеген жағдайларда газ ең тиімді және үнемдіге айналады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарды газдандыру кейбір қиындықтармен байланысты. Шаруашылықтардың көбі газ магиральдарынан бірталай қашықтықта орналасады және оларға қосылу қомақты сомаға түседі. Сондықтан газбен жабдықтаудың СКГ негізіндегі автономды жүйені орнату қаржылық тұрғыдан өте тартымды болып көрінеді.
Сұйылтылған газдың, дизель отынымен салыстырғандағы, артықшылықтары:
- Жоғары энергетикалық құндылығы - 46 кДж/кг астам;
- Төмен құны;
- Экологиялылық;
- Қорларды бақылаудағы жеңілдік, ұрлаудан қорғаныс.
Автономды газдандыру не үшін қажет
Ауыл шаруашылығындағы көптеген технологиялық процестер энергия тасымалдаушыларды, оның ішінде газды да, пайдалануды талап етеді. Инфрақұрылымның әртүрлі объектілерін газдандыруға болады, оның ішінде:
Астық кептіргіштер
Ылғал астық шіриді және бүлінеді, бірақ оны кептіру энергетикалық шығындарды талап етеді, бұл өнімнің өзіндік құнына әсер етеді. Газды энергия тасымалдаушы ретінде пайдалану кептіруге жұмсалатын шығындарды, әғни, астықтың да өзсіндік құнын да, айтарлықтай төмендетеді. Оған қса, автоматтандырылудың жоғары деңгейі барлық процестерді жеңілдетеді.
Жылыжайлар
Газ, дизель отынмен салыстырғнада, едәуір арзан түседі, сондықтан жылыжайларды жылытуда оны ең тиімді деп санауға болады. Одан басқа, инфрақызыл газ сәулелендіргіштердің ПӘК 80%-ға дейін блуы мүмкін және олар бүкіл жылыжайды тұтас емес, белгілі бір ауданға бағытталып әрекет етеді..
Мал шаруашылық үй-жайлары әртүрлі нобайларды пайдаланады:
- Үй-жайларды газ қазандары бар классикалық бумен жылытудың көмегімен жылыту;
- Газ отында жұмыс істейтін жылу зеңбіректері.
Ауыл шаруашылық объектілері елді мекендерден, газ магистральдарынан және тіпті бір-бірінен бірталай қашықтықта орналасады. Сөйтіп, газбен жабдықтаудың автономды жүйелер көмегімен ауыл шаруашылық кәсіпорындарын газдандыру экономикалық және техникалық тұрғыдан ең ұтымды болып табылады.
Қалдықтарды кәдеге жарату кешендері
Мал шаруашылығында өлген жануарлар мен олардың өмір тіршілік қылдықтарын кәдеге жарату жиі қажет болады. Өлекселерді өртеу көмулерді ұйымдастырудан әлдеқанша пайдалы және экологиялық қауіпсіз.
Газ қазандықтары
Тұрмыстық және технологиялық мақсаттарда суды жылыту үшін пайдаланылады.
Фермерлік шаруашылықтың автономды газдандырылу жүйесінің құрылымы
Жүйенің негізі болып газды сақтауға арналған резервуар - газ сақтағыш табылады. Оның сыймдылығы шаруашылық өлшемдеріне және оның энергия тасымалдаушылардағы қажеттіліктеріне байланысты. Егер қажеттілік үлкен болса, бірнеше жеке газ сақтағыштарды біріктіріп, резервуарлық паркті құруға болады.
Көбінесе қысқы уақытта төмен температуралардың әсерінен жақсы қорғалған жерасты газ сақтағыштары пайдаланылады. Сонымен қатар жерастылық жайғасу резервуар мен газ тұтыну нүктесі арасындағы қашықтықты СНжЕ 42-01-2002 сәйкес қысқартады. Егер құрылыстар газ қоймасын рұқсат етілген қашықтыққа орнату мүмкін болмайтындай жайғасқан болса, негізделуі сараптамаға және газ қызметіне бекіту үшін жіберілетін қауіпсіздіктің қосымша іс-шаралары әзірленеді.
Ыдыс күйін бақылау үшін жерасты газ сақтағыша қақпақша мен тиекті қақпақшаны жерден жоғары көтеретін биік қылтамен жабдықталады, бұл қауіпсіздік бойынша нормаларға сәйкес келеді. Ыдыстың өзі жерге 0,6 метрден кем емес тереңдетілген, тиісінше, қылта биіктігі көбінесе 0,8 метр құрады.
Газ пайдаланатын жабдыққа газ қоспасы төмен қысымның құбыр желісі арқылы беріледі. Бақылау мен қорғаудың қосымша құрылғылары - клапандар, конденсат жинағыштар, ұшқын қайтарғыштар - қоспаның газ желісімен қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз етді.
Тұтынудың жоғары көлемінде газ сақтағышта қоспаны сұйықтан газ тәрізді фракцияға жеткілікті көлемде айналуына қамтамасыз ететін буландырғыш қондырғысы орнатылады. Шамалы көлемдерде табиғи буландырумен қанағаттандырылады, бұл үшін, буланудың максималды ауданын қамтамасыз етіп, қоймаларды көлдең орнатады.
Бақылау және басқару аспаптары орналасқан автоматика блогымен автономды жүеінің басқарылуы жүзеге асырылады. Ол жүйенің іске қосылуын және тоқтатылуын жүзеге асыруы, сонымен қатар газ мөлшері, газ желісіндегі қысым, газ қоспасының шығындалуы туарлы қажетті барлық деректерді ұсынуы мүмкін.
Жүйенің элементтерінің саны мен жайғасуы барлық қадағалаушы органдарда келісілген жекелей әзірленген жобамен анықталады. Монтаждау дайын элементтерден жүзеге асырылады.
Қорытынды
Газ – жылу энергиясы мен электрдің ең әмбебап және үнемді көзі. Газ генераторын орнату газбен жабдықтаудың автономды жүйесін сыртқы көздерден толық тәуелсізге айналдырады, бұл оны өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарда кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Фермерлік шаруашылығы үшін автономды жүйе - газдандырудың ең жақсы нұсқасы.
Көптеген аймақтарға сұйылтылған газды жеткізудің жақсы дамыған инфрақұрылымы автономды жүйелерді газбен жабдықтаудың негізгі көзі ретінде жыл бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Онымен бірге олар өлшемдері кез келген болатын шаруашылықтарда және мамандандырылуына тәуелсіз орнатылуы мүмкін. Автономды жүйелер монтаждауда және қызмет көсретуде өте жеңіл, қажеттілік бойынша оңай масштабталады.