Біздің компаниямыз жеке меншік үйлерді, шаруашылықтар мен кәсіпорындары «толық аяқталған» автономды газдандыру бойынша жұмыстардың бүкіл кешенін жүзеге асырады.
Біздің компаниямыздың артықшылықтары:
- «Фасэнергомаш» (Ресей) аспаптары мен технологиялары;
- Сертификатталған мамандар, құрылыс техникасы және қоймада жабдықтың бар болуы;
- Ресейлік жағдайларға мінсіз бейімделген меншікті жобалар мен әзірленімдер;
- Қысқартылған мерзімдер (бір күннен бастап) және ұтымды бағалар;
- Барлық жеткізілімдер, жұмыстар кезеңдері үшін жауапкершілік толықтығы және бүкіл жүйеге кепілдік
СКГ— қолжетімділігі, құны, экологиялығы мен құнарлылығы арқасында отын түрлерінің ең тиімділерінің бірі. СКГ құнарлылығы, табиғи газбен салыстырғанда, 2.62 есе жоғары. Ол бензин мен дизель отынындағы сияқты деуге болады.
Сұйылтылған газ орталықтандырылған газбен қамтамсыз етуі жоқ жерлерде ыңғайлы, экологиялылық және ең арзан қуат көзі болып табылады. Оны пайдалану бензинге қарағанда орташа алғанда екі есе және дизель отынымен салыстырғанда бір жарым есе арзандау түседі, ал жанғанда ауа мен қоршаған кеңістікті ластамайтын тек қана көмірқышқыл газ және су булары пайда болады. Газ жабдығы тұрақты және сенімді жұмыс істейді, және де оны пайдалану және оған қызмет көрсету, отынның басқа түрлеріндегі аспаптармен салыстырғанда, айтарлықтай оңай.
Сұйылтылған көмірсутекті газдың (СКГ) негізгі құрамдас бөліктері болып пропан мен бутан табылады. Оның өнеркәсіптік атауы — «техникалық пропан мен бутанның қоспасы», әдетте пропан-бутан деп аталады.
Газбен автономды жабдықтау үшін кейбір техникалық мәселелердің шешімін жеңілдететін және жабдық арқасында үнемдеуге мүмкіндік беретін таза пропанды да пайдаланады. Дегенмен пропанның құны пропан-бутан қоспасынан орташа алғанда бер жарым есе жоғары болады, сондықтан ол газ шығыны шамалы болғанда, мысалы, тұрмыстық баллондарда немесе апаттық қуатпен жабдықтау жүйелерінде, пайдаланылады.

Сондықтан сұйылтылған көмірсутекті газ негізіндегі автономды газдандыру — тек қана табиғи газды пайдалануға негізделген технологиялардан жеңіліс табатын ең кеңінен танымал шешім.
Газдандырудың автономды жүйесі орталықтандырылған газбен жабдықтауда немесе электр қуаты берілгендегі іркілістерде негізгі, сонымен қатар резервтік қуат көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін. Оның міндеті — тұрғылықты және өнеркәсіптік объектінің қажеттіліктерін қажетті қысымы бар газдың қажетті көлемімен қанағаттандыру.
Автономды газдандыру жүйесінің негізгі буыны — сұйылтылған газды сақтауға арналған ыдыс (газгольдер). Оның сыйымдылығы жеткілікті үлкен болады (5 - 10 м3) және ол жер астына, немесе жер үстіне газдандырылатын объектіден тікелей жақындықта орнатылады. Қажеттілік бойынша бірнеше газ сақтағыштардан батареяны орнатуға болады. Отын шығындалуына байланысты газ сақтағыш орынға арнайы газ тасушы автомобильмен жеткізілетін сұйылтылған газбен қайталап толтырылады.
Жүйе жұмысының қағидасы жеткілікті оңай:
сұйылтылған газ газгольдерде немесе буландырғышта буланады және құбыр желісі арқылы оны тұтынатын жабдыққа беріледі: асүй плитасына, өнеркәсіптік жабдыққа, газ қазанына, электр генераторына және т. б.
Автономды газбен жабдықтау жүйесінің бірқатар артықшылықтары бар:
Экологиялылық
Көмірсутекті газдар жанғанда атмосферада табиғи түрде бытырап кететін, ауаны ластамайтын және беттерде күйе мен ыс қалдырмайтын көмірқышқылды газ бен су булары пайда болады.
Үнемділік
Жылыту мен ыстық сумен жабдықтау үшін газ отынын пайдалану дизельдіктен бір жарым есе арзан және электрден бес есеге дейін арзан түседі, әсіресе тарифтері жоғары болатын ірі қалалардан алыс жерлерде.
Тәуелсіздік
Сұйылтылған газдағы газ қазандары мен электр генераторлары магистралды газ бен электрдің берілуіне тәуелсіз жұмыс істейді, бұл электрмен және газбен жабдықтаудағы іркілістердегі тұрақты жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.
Оңайлық
Газ отынындағы жабдыққа қызмет көрсету, қатты немесе сұйыққа қарағанда, жеңілірек болады. Мысалы, газ ішкі бөлшектер мен түтіндіктерде күйік тудырмайды деуге болады, сонықтан оларды сирек тазалау қажет болады.
Сенімділік
Дұрыс таңдалған және реттелген газ жабдығында іркілістер мен істен шығулары сирек болады. Мысалы, газды электр генератордың іске қосылуы аязда ұзақ уақыт тұрып қалғаннан кейін де лезде жүзеге асырылады.
Иілімдік
Автономды газбен жабдықтау жүйесі тапсырыс берушінің қажеттелктері бойынша жеңіл өзгертіледі, ал техникалық талаптар өзгергенде немесе жаңа жабдық қосылғанда жеңіл жаңғыртылады.