Буландырғыштар және «Фасэнергомаш» буландырғыш қондырғылары

Газ жабдығын неміс-ресейлік «Фасэнергомаш» өндірушісі пропан мен пропан-бутанның сұйық фазасын мәжбүрлеп буландыруға арналған СКГ буландырғыш қондырғыларды жасап шығарады. Сонымен қатар компания пропан-бутан қоспаларды газбен жабдықтау жүйелерінде пайдалануға арналған араластырғыш және қиыстырылған буландырғыш қондырғыларды жасап шығарады.

«Фасэнергомаш» компаниясының буландырғыш қондырғыларының артықшылықтары.

 

Ресейлік өндірістің СКГ буландырғышы ФАС неміс технологиялары бойынша пайдаланудың отандық жағдайларына арнайы әзірленген. «Фасэнергомаш» компаниясының буландырғыш қондырғылары, тиімділігін жоғалтпай және желіде газдың тұрақты қысымын қамтамасыз етіп, қоршаған ортаның төмен температурасында сұйылтылған газдың біртекті және реттелетін булануын қамтамасыз етеді. Қондырғылар жабдықты жарылыс қауіпі бар 0-2 санатты Ех-аймақтарда пайдалану стандартына әйкес жабдықталған.

 

Өзіміздің буландырғыштарымызда біз адамның тораптар мен агрегаттар жұмысына араласуымен байланысты тәуекелдерді төмендеттік, құрылғының автоматты жұмыс істеу режимін қамтамасыз еттік. ФАС буландырғыш қондырғылары кіріктірілген айырғышпен жиынтықталады, бұл, сенімділік пен қауіпсіздікті жоғарлатып, күкірттің агрегатта шөгінуіне жол бермейді.

 

Оған қоса, отандық құрастырым қойма барлық қосалқы бөлшектердің үнемі қолжетілімдігін, сонымен қатар құрылғының жедел монтаждануы мен оған қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді. ФАС буландырғыш қондырғылары 80% ресейлік құрамдас бөлшектерден тұрады. Қондырғылар пайдалануда өте жеңіл, сенімді және оларда үш жылдық зауыттық кепілдігі бар.